ForteBank апта сайын әр саудаға бонустар ойнатады: 100 000 теңгеге дейінгі кэшбекті қалай алуға болады
Forte төлем карталарын тұтынушыларына апта сайынғы ұтыс ойындарын бастады. Жыл соңына дейін апта сайын сауда жасаған 20 тұтынушы рандомайзердің көмегімен таңдалады. Жеңімпаздарға банк бонус түрінде 100% кешбэкті есептейді. Бірақ жасалған бір сауданың бағасы 100 000 теңгеден аспауы шарт.
Бонустарды қалай жеңуге болады?
- Forte мобильді қосымшасындағы "Промо" бөлімінен "қатысқым келеді" батырмасын басыңыз.
- Сауданы Forte карталарымен жасаңыз. Букмекерлік қызметтер мен ұялы байланыс төлемдері, аударымдар, несиелерді өтеу, коллекторлық компаниялардың, ломбардтардың төлемдері ескерілмейді.
Бұл қалай жұмыс істейді? Мысалы, сіз 75 000 теңгеге сауда жасап, ұтыс ойыны кезінде рандомайзер сізді таңдады делік. Мұндай жағдайда дәл осы сомада бонустар қайтарылады. Ал егер сіз 125 000 теңгеге тауар сатып алған болсаңыз, жеңіс жағдайында банк сізге бонус ретінде 100 000 теңгені қайтарады. Ұтыс ойындары апта сайын 2024 жылдың 30 желтоқсанына дейін өтеді. Банктің әлеуметтік желілерін қадағаласаңыз болады.
Париждегі Олимпиада ойындарын көріңіз
2024 жылдың 30 сәуіріне дейін Apple Pay, Google Pay, Garmin Pay немесе Samsung Pay сервистерін пайдалана отырып, Forte Visa карталарының көмегімен саудаңызды 10 000 теңгеден бастап төлесеңіз, 40 брендтік жиынтықтың бірін ұтып ала аласыз. Бас жүлде – Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарына екі адамға арналған жолдама. Оның ішіне олимпиаданың ашылу салтанаты мен екі іс-шарасы кіреді.
Ыңғайлы әрі тиімді төлем карталары
Банкте сіз өзіңіздің қажеттіліктеріңізге қарай төлем карталарын таңдай аласыз. Мәселен Blue тегін қызмет көрсету картасы бойынша бүкіл әлем бойынша банкоматтардан айына 500 000 теңгеге дейін ақшаны тегін аударуға және алуға болады.
Саяхатты ұнататындар үшін ForteТravel картасы қолайлы. Ол арқылы Apple Pay/Samsung pay/Google Pay арқылы саудаға кепілдендірілген бонустар және саяхат шығындарына (авиабилеттер, қонақүйлер, Duty Free, агенттік туры және автокөлікті жалға алу) 0,5% және 5% онлайн бонустар алуға болады. Сондай-ақ Lounge key бизнеске залдарына кіруге мүмкіндік, саяхатты сақтандыру мен басқа да жеңілдіктер жасалады.
Forte Black картасымен 3 миллион теңгеге дейінгі несие лимитін 90 күнге дейін пайызсыз және комиссиясыз саудаларға рәсімдеуге болады. Сондай-ақ бұл картамен бүкіл әлем бойынша саудаңызды пайызсыз бөліп төлей аласыз.
Solo премиум картасы жеке қызмет көрсетуді, Nomad Club ұпайларын, Lounge key бизнес-залдарына кіруді, заңгердің кеңесін қамтиды.
Барлық ForteBank карталарымен түрлі санаттарды таңдау арқылы сауда жасаған сайын 15% - ға дейін және серіктестерден 25% - ға дейін бонустар алуға болады.