Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Фильмнің сценарийін әйеліне жаздырды": Талғат Теменов Ақан Сатаевты сынға алды

Белгілі режиссер, Қазақстанның халық артисі Талғат Теменов әріптесі Ақан Сатаевқа қатысты ойымен бөлісті. "Сатаев фильмнің сценарийін орысша оқыған әйеліне жаздырып, рухани қылмыс жасады" деп айыптаған Теменов Hit-TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Теменовтің айтуынша, "Қазақфильм" басшылары алдымен, өз жағдайын, қала берді қасындағы жақындарының жағдайын ойлайтын жағдайға жеткен.

"Ақан (Сатаев), Жүргеновті бітірген жігіт, әкесін де, шешесін де білемін. Бірақ мына соңғы әйеліне сценарийді жаздырыпты. Қаншама ғұламаларымыз отыр. Соның қасында орысша бітіріп, қазақтың бір ауыз өлеңін жатқа білмейтін, қазақтың бір жазушысының кітабын төл нұсқада оқымаған адамның мұндай дүниеге баруы және оған бірнеше миллион гонорар алуы жантүршігерлік жаңалық болды мен үшін.

Бұл – дұрыс емес. Бұл ұлтты, елді ойламағаны. Қарахан басын ойлаған адам. Мұндай адамдар қазақтың басына күн туса, осында қалып, ел қорғайды, жер қорғайды деп ойламаймын", – деп пікір білдірді Теменов.



"Томирис" тарихи фильмінің сценарийін Теменов те жазыпты. Алайда Сатаев оны қабылдамақ түгілі, қараған да жоқ деп ашынды режиссер. 

"Кино деген сезім, ол жүрекке тиюі керек. Асқар Тоқпановтың сөзі бар, "еріннен шыққан сөз ерінге, жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді" дейді.
Жүрекке тимеген киноның құны көк тиын. Әрине, балалар, жасөспірімдерге патриотизм деп ұрандатып жатады. Басқа көретін кино болмағандықтан, соған апарамыз", – деп түсіндірді Теменов.

Сондай-ақ Теменов фильмнің сюжетінде кеткен қателікті атады.

"Үлкен қателігі, Томирис Кирдің басын қанға малып, өзі шабады. Негізі қасындағы адамға жасату керек еді. 

Бұл – "Томиристі" жазған Болат Жандарбеков сияқты ғалымдардың алдында рухани қылмыс, қателік", – деді Теменов.

Талқылау