ФИФА Қазақстанның футболын қолдауға 1,5 млн доллар бөлді
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) коронавирус пандемиясымен күресте ұлттық федерацияларға көмек көрсетуге 1,5 млрд доллар бөлді. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осы бағдарлама аясында барлық ФИФА мүшелеріне, соның ішінде Қазақстан футбол федерациясына көмек көрсетіледі.
Footboom.com сайтының хабарлауынша, FIFA-ға тиесілі 211 қауымдастықтың әрқайсысына 1 миллион доллардан әмбебап грант беріледі, әйелдер футболын дамытуға қосымша 500 мың доллар көлемінде қосымша грант бөлінеді. Алты конфедерацияның әрқайсысына 2 млн доллардан бағыттайды.
Сонымен қатар, әр халықаралық қауымдастық 500 мыңнан 5 миллион долларға дейін несие алуға өтініш бере алады, бірақ оның мөлшері қауымдастықтың жылдық кірісінің 35 пайызынан аспауы керек. Конфедерацияларға 4 миллион доллар көлемінде несие ұсынылады.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда