Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фермер үлкендігі итпен бірдей болатын сиырлар тұқымын өсіріп шығарды (видео)

Фермер көптеген адамнан тапсырыс алыпты. Олар мұндай сиырды үй жануары ретінде асырағысы келеді екен, деп хабарлайды Metro басылымына сілтеп Stan.kz.

Америкалық фермер Дастин Пиллард ергежейлі сиырлар тұқымын өсіріп шығарды. Кәдімгі сиырлармен салыстырғанда, мұндай сиырлардың үлкендігі екі есе кіші болады екен. Ергежейлі сиырда үй жануары ретінде пәтерде де асырауға болады.

Хабарланғандай, 46 жастағы фермер ергежейлі сиыр өсіріп шығару үшін бірнеше жыл еңбектенген. Олардың бойы 90 сантиметрден аспайды.

Ер адам аталған ірі қараның денсаулығында еш кінәрат жоқ екенін айтады. Оның сөзінше, сиырлар иттер сияқты айнала жүгіріп, адамдармен тіл табыса алады екен.

Оқи отырыңыз:

Үндістанның кедей штатының тұрғындары егеуқұйрық жеп күн көруде

Ирландиялық әжей жаңа жылдық шыршаны әйелдерге арналған іш киіммен безендіріп қойған

Британиялық әйел Рождество мейрамында қайтыс болған анасының мәйітінен тамақ жасап жемек

Біз күнделікті қолданып жүрген мұнайдан жасалған 9 зат

Талқылау