Фармацевт дәріні шатастырып алған: Павлодарда бала антидепрессанттан уланып қалды
Павлодарда фармацевт дәрілерді шатастырып алған. Салдарынан 3 жастағы бала антидепрессанттан уланып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға 3 жастағы баланың уланып қалғаны жөнінде арыз келіп түскен.
"Анықталғандай, азамат 3 жастағы баласына дәрігер жазып берген рецепт бойынша Лермонтов көшесіндегі дәріханадан дәрі сатып алған. Препаратты ішкен соң бала өзін жайсыз сезініп, құса бастаған. Әйел бірден жедел жәрдем шақырған. Бала "антидепрессанттан улану" диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Кейін фармацевттің қателесіп, азаматқа басқа дәрінің сатқаны белгілі болды", - деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 317-бабы "Медицина немесе фармацевтика жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Қазақ тілін қорлаған бұрынғы Ресей азаматы 15 күнге қамалды
Отырыс барысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, оны қатаң жазаламауды сұраған
Оралдағы инфекциялық ауруханада 13 жасар қыз көз жұмды: Ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр
Қызы қайтыс болғаннан кейін әкесі барлық тиісті органға арыз жазғанын айтады