"Евровидение 2024" ән байқауының жеңімпаздары анықталды (видео)
“Евровидение 2024” ән байқауында швейцариялықтар жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: nationthailand.com
Осылайша, Швейцария 68-“Евровидение 2024” ән байқауында әнші Немоның орындауындағы "The Code" әнімен бірінші орынды иеленді.
Бұл – Швейцарияның 1956 жылы Лис Ассиа мен 1988 жылы Селин Дионның жеңісінен кейінгі үшінші жеңісі. Дауыс беру нәтижесі бойынша Немо The Code әнімен 591 ұпай жинады. Хорватияның 547 ұпай жинаған Baby Lasagna командасы екінші орында.
Украина Алена Алена мен Джерри Хейлдің Teresa & Maria әнімен үшінші орын алды. Олар 453 ұпай жинады.
Әнші Немо 1999 жылы Швейцарияның екі тілде сөйлейтін шағын қаласы Билде дүниеге келген. Бала кезінен скрипка, фортепиано және барабанда ойнаған. Немо өзінің музыкасында гендерлік теңдік, психикалық денсаулық және әлемде өз орнын табу сияқты тақырыптарды көтереді.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"