Эвересте қарлы боран соғып, 1000-ға жуық альпинист қар құрсауында қалды

Фото: Bild
Эверестің шығыс баурайында кейінгі жылдардағы ең күшті қарлы боран соғып, Тибет жағындағы 4900 метрден жоғары биіктікте шамамен мыңға жуық адам қар құрсауында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bild-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Альпинистердің шатырлары қарға көміліп, тіпті қирап қалған. Қытайлық мемлекеттік БАҚ-тың хабалауынша, бір метр қашықтан көрудің өзі қиын болған.
Бүгіннен бастап ол жақта ауқымды құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Іздеу жұмыстарына әзірге жергілікті құтқарушылар, тұрғындар мен гидтер қатысып жатыр.
Ауа райы қолайсыздығынан көрші Непал тұрғындары да зардап шекті. Жұмадан бері қатты нөсер мен су тасқыны салдарынан кемінде 47 адам қаза тапқан.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген