"Еуропа мен АҚШ-қа виза алып беремін": Астанада 60-тан астам адамды алдап соққан әйел ұсталды
Фото: istockphoto.com
Астанада Еуропа және АҚШ-қа виза алып беремін деп 60-тан астам адамды алдап соққан әйел ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана қалалық прокуратурасының мәліметінше, күдікті жәбірленушілерге Еуропа, АҚШ және Ұлыбританияға ұзақ және қысқа мерзімді виза жасап беруге уәде берген.
Қазір күдікті ұсталған. Келтірілген шығын 330 миллион теңгеден асады.
Қазақстандықтар Қытайдан арзан автокөлік аламыз деп алаяқтарға алданып жатыр
Астана тұрғыны мен полицейлер қарт кісіні телефон алаяқтарынан құтқарып қалды
“Қылмыстық жауаптылықтан құтылу үшін ол 60-тан астам жәбірленушімен жалған несиелік келісімдер жасап, қылмысын азаматтық-құқықтық қатынас ретінде жасыруға әрекеттенген. Қазір іс бойынша барлық жәбірленушілер анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Павлодар облысындағы ауруханада екі әйелдің жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған: Тексеріс заңбұзушылықтарды анықтады
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген
"Шөгіп, сынып жатыр": Алматылықтар жаңадан төселген тротуарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне шағымданды
Тұрғын: "Келесі жылы қайта жөндейді"