Қазақстанда Еуропа, Америкадан әкелінген көліктерді қыркүйекке дейін пайдалануға рұқсат берілді
Қазақстанға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес елдерден кіргізілген көліктердің ел аумағында бес айға дейін жүре беруіне болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Яғни, Еуропа, Америка немесе өзге елдерден уақытша жеткізілген темір тұлпарларды отызыншы қыркүйекке дейін пайдалануға рұқсат етілді.
Тура бір жыл бұрын Германия, Жапония сынды шетелдерден жеке қолдануға уақытша әкелінген көліктер болса оларды қыркүйектің соңына дейін ел аумағынан шығармауға болады.
Көлік иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылмай, кедендік салықтарды төлемей-ақ жарты жыл Қазақстанда көліктерін қолдана береді. Бұл өзгерістер пандемияға байланысты Еуропа елдеріндегі шекара жабық тұрғандықтан қабылданып отыр.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"