Еуро-2024 турнирінің ашылуында Германия Шотландияны жеңді
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты басталды. Германия құрамасы Мюнхендегі "Альянц Арена" стадионында Шотландия құрамасымен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Instagram/dfb_team
Ойын 5:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
10-минутта Германия құрамасының шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Флориан Вирц алғашқы гол салды. 19-минутта Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Джамал Мусиала топқа ұпай әкелді.
45-минутта шотландиялық қорғаушы Райан Портеус жартылай қорғаушы Илкай Гюндоганға қарсы әрекеті үшін қызыл қағаз алды. 45+1-минутта Германия құрамасының шабуылшысы Кай Гаверц пенальтиде гол соқты.
Ал 68-минутта төртінші голды Никлас Фюллкруг соқты.
87-минутта жағдай күтпеген болып, Германия құрамасының орталық қорғаушысы Антонио Рюдигер автогол соқты. Эмре Джан 90+3-минутта бесінші голын соқты.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”

