Еуро-2024: Қазақстан құрамасы Финляндиямен ойында 0:1 есебімен жеңілді
7 қыркүйекте Қазақстан құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Финляндия құрамасымен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Астана Арена" стадионында өткен кездесу 0:1 есебімен Финляндия құрамасының жеңісімен аяқталды. Матчтағы алғашқы голды 78 минутта Финляндия құрамасының ойыншысы Антман салды.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан мен Финляндия төрт мәрте кездескен. Төртеуінде де ұлттық құрама ұтылған еді.
2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі бойынша Қазақстанның соңғы 5 ойындағы көрсеткіші:
Солтүстік Ирландия - Қазақстан 0:1
Сан-Марино - Қазақстан 0:3
Қазақстан - Дания 3:2
Қазақстан - Словения 1:2
БАӘ - Қазақстан 2:1
Қазақстан келесі ойынды 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландияға қарсы өткізеді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ