Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуро-2024: Қазақстан құрамасы Даниядан ойсырай ұтылды

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жетінші турында Қазақстан құрамасы Дания құрамасынан жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстандық футболшылар H тобында бақ сынасып жатыр. Осыған дейін ел құрамасы 12 ұпай жинап, төртінші орынға табан тіреген. Ал екінші орындағы Дания құрамасында 13 ұпай бар болатын. 

Ойында алғашқы есепті Дания құрамасы ашты. 48 минутқа дейін Дания құрамасы Қазақстанға үш гол салды. 

  • 36 мин. Йонас Винд (1:0)
  • 45+2 мин. Роберт Сков (2:0)
  • 48 мин. Роберт Сков (3:0)

Ойынның 58-минутында қазақстандық Роман Вороговский ел құрамасының ойындағы алғашқы және соңғы голын соқты. Осылайша 3:1 есебімен жеңіліп қалды.

Келесі ойынды Магомед Адиев шәкірттері 17 қазан күні Хельсинки қаласында Финляндияға қарсы өткізеді.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия футболшыларын ұтқан болатын. 

Талқылау