Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Не жандарың ашымайды, не бастарың істемейді": Маңғыстау әкімі су мәселесін шешпеген шенділерді қатаң сынға алды

Су мәселесін шешпеген қызметкерлер
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ауыз су мәселесіне жауапты қызметкерлерді сынға алды. Әкім жақын арада мәселе шешілмесе тиісті шара қолданатынын ескертті. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңір тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңейтілген отырыста, суға жауапты қызметкерлерге наразы болды.

“Негізінде жазда мұндай мәселе болмауы керек еді. Бүйткен едік, беруіміз керек еді деген сылтаулар. Не істеп отырсыздар? Бұл сылтауды халыққа барып айтып көр. Осы жерде, осы үстел басында Маңғыстаудың ауыз суына бүкіл жауапты мамандар отыр. Не сендердің жандарың ашымайды, немесе бастарың істемейді. Екеуінің біреуі. Басқа менің айтатыным жоқ. Түсінер едім егер ОСК-ға 20 мың қосылмаса, егерде жекеменшік екі-үш зауыт салынбаса, түсінер едік. Қолдан істеп отырған мәселе. Ешқандай сылтауды естігім келіп отырған жоқ. Терең зерттеу жасау керек. Нормативтің бәрін көтеру керек. Келесіде кім не істемеді, соған қатысты шешім қабылдайтын боламыз. Білмеймін күндіз-түні ұйықтамайсыңдар ма, басында қонасыңдар ма бір-екі күннің ішінде осы мәселелердің бәрі шешілетін болсын. Не істесеңдер оны істеңдер”, – деді ол. 

 Бұған дейін ауыз судан тарыққан ақтаулықтар жақында өңірге келген Джеки Чаннан да көмек сұраған еді.

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 16 Шілде, 2026 12:00