Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕУРО-2024: Франция тең түсіп, Украина жеңіске жетті

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында D және E тобындағы құрамалар екінші кезең аясындағы ойындарын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gettyimages.ru

Еуропа чемпионатының D және E тобына түскен құрамалардың ішінде әлі қайсысы плей-офф кезеңіне шығатыны анықталған жоқ. D тобындағы Франция мен Нидерланды құрамасы өзара мықтыны анықтай алмай, тең түссе, Аустрия құрамасы Польшаны 3:1 есебімен ұтты. Аустрия құрамасы 9-минутта есепте алға шығып, Гернот Траунернер көзге түсті. Дегенмен польшалықтар 30-минутта есепті теңестірді. Кшиштоф Пентек Польша құрамасындағы жалғыз голдың авторы атанды.

Ал екінші таймда Аустрия құрамасындағы Кристоф Баумгартнер мен Марко Арнаутович гол соғып, командасына плей-офф кезеңіне шығу үмітін сыйлады. Қазір D тобында Франция мен Нидерландыда 4 ұпайдан болса, Аустрияда 3 ұпай бар.

Е тобындағы алғашқы матчтында жеңіліске ұшыраған Украина құрамасы да екінші матчын Бельгияны ұтып кеткен Словакияға қарсы өткізді. Ойынның 17-минутында Иван Шранц украиналықтарға гол соғып, Словакияны алға шығарған еді. Бірақ екінші таймда  Николай Шапаренко и Роман Яремчук көзге түсіп, Украина құрамасына жеңіс сыйлады. Осылайша бұл топта да нақты қай құраманың плей-офф кезеңіне шығатыны әлі нақты анықталмады. Мәселенің барлығы үшінші матчта шешіледі. 

Айта кетейік, бұған дейін Испания Италияны ұтып плей-офқа шықса, Англияның Даниямен тең түскенін жазған едік.  

Талқылау