ЕУРО-2020: Жартылай финалға қай құрамалар шықты?
Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалы аяқталып, жартылай финалға өткен құрамалар анықталды.
Еуро-2020. ¼ финал.
Чехия – Дания – 1:2 (0:2)
Голдар: Дилейни 5 (0:1), Дольберг 42 (0:2), Шик 49 (1:2)
Чехия мен Дания арасындағы ойын тартысты өтті. Бұған дейін кішігірім сенсация жасаған қос құрама бір біріне қарсылас атанған.
Матчтағы есепті Дания құрамасы бесінші минутта ашты. Ал бірінші таймның соңында есепті еселей түсті. Ойынның екінші бөлігінде Чехия тек бір дәл соққымен жауап қатты.
Украина – Англия – 0:4 (0:1)
Голдар: Кейн 4 (0:1), Магуайр 46 (0:2), Кейн 50 (0:3), Хендерсон 63 (0:4)
Жарыстың басты фавориті Англия құрамасы өзінің мықтылығын дәлелдеді. Украина қарсы матчта жауапсыз төрт гол соққан. Алғашқы таймда Кейн көзге түсіп, есепті ашқан.
Екніші таймда Магуайр мен Хендерсон бір голдан соқса, Кейн дубль авторы атанды.
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?
"Ұйқы дерті" ауадағы оттегі мөлшерінің аздығынан басталған
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды
