Еуразиялық банк Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендердің несиелерін кешіре бастады
Қыркүйек айының басында Қостанай облысында ірі табиғи өрт болды. Оның аумағы шамамен 43 мың гектарды құрады. Өрт 91 тұрғын үйге залал келтірді. Осы орайда Еуразиялық банк өңір тұрғындарына қолдау көрсетуді ұйғарды.

13 қыкүйектен бастап Еуразиялық банк Қостанай облысында өрттен зардап шеккен клиенттердің алғашқы үш несиесін кешірді.
"Осы өңірде белсенді жұмыс істеп жатқан банк ретінде біз табиғи апат кезінде үйлері толығымен өртенген клиенттердің бұрыннан бар несиелерін кешіруді бастадық. Жақын арада халықтың тұрмысы жақсарып, зардап шеккен ауылдар көптің көмегімен гүлдене түседі деген үміттеміз", — деді Еуразиялық банк басқармасының төрағасы Валентин Морозов.
Облыс тұрғындарына қолдау ретінде банк "Қайырымдылық KZ" бірыңғай қорына қаржылай көмек аударды.
ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1.2.68/242/40 лицензиясы.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған