Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Етеккір салығы": Қазақстанда әйелдер гигиенасы құралдарын құн салығынан босату ұсынылды

Әйел етеккір

Фото: ginelux.com

Қазақстанда әйелдер гигиенасына арналған құралдарды қосылған құн салығынан босату туралы петиция жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ePetition порталында жарияланған петицияда тампон, төсеме және басқа да әйелдер гигиенасы құралдарына салынатын ҚҚС-ты алып тастау ұсынылған. Бастама авторы бұл салықты “етеккір салығы” деп атаған.

Петиция мәтінінде қазақстандық әйелдер гигиеналық құралдарға айына орта есеппен 6 750 теңге жұмсайтыны айтылған.

Авторлар өзге елдердің тәжірибесін де мысалға келтірді. Мәселен Ұлыбритания мұндай салықты 2021 жылы алып тастаған. Ал Аустрияда бұл норма 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Петицияны Ұлттық экономика министрлігі қарауы үшін ол 50 мың дауыс жинауы керек.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шыққаны хабарланған еді. Айтуларынша, депутаттар бұл заңды еш ақылдаспай, ойланбай қабылдаған. Қазақстандықтар мемлекеттің деңгейі жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінетінін еске салып, заңға қарсы президентке үндеу дайындап жатыр. 

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 12 Мамыр, 2026 15:05