Маңғыстау облысында 21 жастағы жігіт шатқал аумағындағы тасқа аты мен көлік номерін жазған
Маңғыстау облысында 21 жастағы жігіт Ыбықты Сай шатқалындағы тас жәдігерге өз аты-жөні мен автокөлік номерін жазғаны үшін 25 күнге қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, жігіттің әрекетін әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде анықтаған.
“Аталған құқық бұзушылықты жасаған 21 жастағы Маңғыстау облысының тұрғыны екені анықталды. Вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот үкімімен оған 25 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды. Қазір ол қамауға алынып, тергеу изоляторына орналастырылды.
Полиция табиғи нысандарға, тарихи-мәдени мұра объектілеріне және ескерткіштерге жазба жазу немесе сурет салу әрекеттері жол берілмейтінін ескертеді”, – делінген хабарламада.

Ведомство мұндай әрекеттер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар