Қазақстанда енді экономикалық қылмыс жасағандарға қара тізім жасалады
Қаржы мониторингі агенттігі экономикалық қылмысқа қатысы бар адамдарға енді "масқара болғандар" тақтасын жасамақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанда экономикалық қылмыс жасаған адамдар мен компаниялардың арнайы ашық тізімі пайда болады. ҚМА енді сот үкімі заңды күшіне енген экономикалық қылмыскерлердің аты-жөнін арнайы реестрге жариялап отырмақ.
Тізім Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің сайтында жарияланып, әр үш ай сайын жаңарып тұрады. Оған тек сот кінәлі деп таныған адамдар мен компаниялар енгізіледі. Ал соттылығы жойылғандар немесе компаниясы жабылғандар тізімнен шығарылады.
Реестрде:
- адамның аты-жөні;
- туған күні;
- қылмыстық кодекс бабы;
- сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген орган;
- қылмысқа пайдаланылған компанияның атауы мен БСН-і;
- егер іс қаржы пирамидасына қатысты болса, жобаның атауы көрсетіледі.
ҚМА бұл тізім халық пен бизнеске экономикалық қылмыстар туралы алдын ала ескерту үшін қажет дейді. Бұған дейін Қазақстанда жемқорлардың да ашық тізімін жариялау ұсынылған еді.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
