Есмағамбетова қазақстандықтарды қашықтан жұмыс істеуге шақырды
Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарды үйден жұмыс істеуге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге жіберуді ұсынамыз. Көріп отырғанымыздай елімізде бұлай істеуге болады. Жұмыс үрдісіне бұл жағдайдың зияны тимейді. Аурудың жаппай таралуын қоғамдық бас қосуларды болдыртпау арқылы алдын алуға болады", - деді Есмағамбетова.
Бұған қоса ол тұрғындарды сақтық шараларын ұмытпауға кеңес берді. Сөзінше, маска кию, қол жуып, әлеуметтік қашықтықты сақтау қазір басты мәселе болып тұр.
Сондай-ақ Есмағамбетова жұмыс беруші тарапқа қызметкерлерді қауіпсіз жұмыс жағдайымен қамтамасыз етуге шақырды.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді