Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ескі мәліметтер": Түркістан облысының білім басқармасы мектептердегі дәретхана мәселесі жөніндегі ақпаратты теріске шығарды

Түркістан облысы білім басқармасы әлеуметтік желі беттерінде жүрген ішкі дәретханамен қамтамасыз ету бойынша ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Статистикалық сандар дұрыс емес. Бұл – 2019 жылғы мәліметтер. Аймақта ішкі дәретханамен қамтамасыз ету бойынша 7 білім беру ұйымында  проблема бар. Олар шалғай елді мекендегі инфрақұрылым (су, кәріз жүйесі) мәселесі шешілмеген ауылдар. Олардың өзі жоспарға еніп, шешімі қарастырылуда", – деп түсіндірді басқарманың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар жауапты мекеме бұл мәселе бойынша ата-аналар тарапынан ешқандай шағым келіп түспегенін атап өткен.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысының 49 мектебінде әлі күнге дейін ішкі әжетхана жоқ екені жазылған. 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтемемен жазылған ақпаратта Жамбыл Жабаев, Елшібек батыр мектептерінің оқушылары жыл он екі ай даладағы әжетханаға шығуға мәжбүр болып жүргені, ал оқушылардың ата-аналары балаларының қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін алаңдаулы екені хабарланған.

Талқылау