Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ескі көлікке салынатын салық 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылмақ

Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі маусым айында Салық кодексіне 10 жылдан асқан көліктерге салық жеңілдіктерін қарастыратын өзгертулер енгізуді ұсынған еді. Түзетулерді 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізу үшін 2025 жылдың шілдесіне дейін бекіту жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Түзетуде 10 жылдан 20 жылға дейінгі көліктерге 30 пайыз, 20 жылдан асқан көліктерге 50 пайыз салық жеңілдіктері қарастырылатыны көрсетілген. Алайда Тоқаев 2 қыркүйектегі жолдауында өзгерістерді қабылдауға асықпауға шақырды. Келесі күні оның ұсынысы бойынша кейбір тиімсіз салық жеңілдіктері кодекстен алынып тасталатыны айтылды. Дегенмен бұл көлік иелерін алаңдатып қойды. 

Ұлттық экономика министрлігінің сөзінше, ескі көліктерге жеңілдіктер жобада сақталады. Бұл шешім бюджет кірісінің азайғанына қарамастан, жаңа көлік ала алмай жүрген қазақстандықтардың өмірін жеңілдету мақсатында қабылданды.



Жаңартылған Салық кодексін 2025 жылдың шілдесіне дейін пысықтау жоспарланып отыр. Ол 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Жеңілдік коэффициенттері сол күннен бастап қолданылады. Ал оған дейін салық ағымдағы мөлшерлемелер бойынша есептеледі. Салық төлеу мерзімі бұрынғыдай – келесі жылдың 1 сәуіріне дейін сақталады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстанда 4 миллион 218 мың 804 жеңіл автокөлік тіркелген. Оның 3 миллион 284 мың 101-і 10 жылдан асқан, бұл жалпы санның 78 пайызы. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ескі көліктерге салынатын салық қайта қаралатыны туралы айтқан еді. 

Талқылау