“Ескі Қазақстанның жақтаушысы”: “Байтақ” партиясының төрағасы ҚХП басшысын қазақ тілін білмейді деп сынады
Парламент мәжілісі мен мәслихаты депутаттығынан үміткер партиялар арасындағы пікірсайыс қызу өтті. Әсіресе сұрақ-жауап кезеңінде партия өкілдері бір-бірін сойып салды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тікелей эфирде 70 минутқа созылған 7 партия арасындағы пікірсайыс екінші кезеңде қыза түсті. “Байтақ” партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Қазақстан Халық партиясының басшысын сынға алды. Ол дебатта аталмыш партия атынан келген төраға орынбасары Асхат Асылбековке басшының неге әлі күнге қазақ тілін білмейтінін сұрады.
"Біздің естуімізше сіздің партияңыздың лидері қазақ тілін білмейді. Сондықтан бүгінгі пікірсайысқа сол себептен келмеген сияқты. Оның ескі Қазақстанның жақтаушысы болғанын білеміз. Ал енді халықтың бір қолдаушысы болып отыр. Бұны қалай түсінеміз”, – деп сұрады Азаматхан Әміртаев.
Десе де, бұл сауалдан Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков қашқақтамады. Керісінше, Ермұхамет Ертісбаевтің қазіргі уақытта күніне екі рет қазақ тілінен дәріс алып жүргенін, әжептеуір үйреніп қалғанын айтты.
"Ол геополитикалық, геосаяси қиын жағдайда көршілермен татулықты сақтап отыр. Кейбір патриоттар оны түсінбейді. Қазақ тілін көп адамдар Кеңес одағы кезінде білмеген. Қазір төрағамыз қазақша әжептәуір сөйлейді. Ол күніне екі рет таңертеңнен кешке дейін қазақ тілінен дәріс алатыны рас. Кездесулердің барлығында қазақтармен қазақша сөйлеседі", – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін сайлауалды пікірсайыста партиялар қандай уәде бергені туралы жазған еді.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"