Есірткіні жарнамалаушы, суицидтік топтар бар: ІІМ заңсыз мазмұндағы 14 мыңға жуық шетелдік интернет-ресурсты анықтады
Ішкі істер органдарының міндеттерінің бірі террористік және экстремистік ақпараттың фактілері, интернет арқылы есірткі мен қаруды жарнамалау және сату, балалар порнографиясын, кәмелетке толмағандар арасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, суицидтік топтарды анықтау.

Жыл басынан бері ішкі істер органдары заңсыз мазмұндағы белгілері бар 14 мыңға жуық шетелдік интернет-ресурстарды, оның ішінде 5,3 мыңпорнографиялық материалдарды, 4,7 мың террористік және экстремистік, 3,8 мың есірткі қылмысы саласын анықтады. 34 қару-жарақтың заңсыз айналымы және 15 суицидтік ресурстар табылды.
Анықталған заңсыз ішкі және шетелдік ресурстар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы ақпарат және әлеуметтік даму министрлігіне қазақстандық пайдаланушыларға кіруге тосқауыл қою үшін жіберіледі.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"