"Есімді жоғалтып, жаным көзіме көрінді": Ырысбала Икрамбай төртінші рет ана атанды
Мұқтаж жандарды баспанамен қамтамасыз етіп жүрген блогер Ырысбала Икрамбай ұлды болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/irisbala__ikrambai_official/
Бүгінде желі жұлдызы қайырымдылық жасауды азайтып, денсаулығы мен отбасына көңіл бөлген.
“Ал Расул Романұлы анаңның құрсағынан әкеңнің құшағына қош келдің!", – деп жазды көпбалалы ана.
Блогердің сөзінше, сәбиі 39 аптадан 5 күн асқанда дүниеге келген. Бойы – 56 см, салмағы 4 келі 300 грам болып туған.
“Жарты сағат өзіме келе алмай өксіп, айқайлап жылап алдым-ау. Шүкір, барлығы артта қалды. Жүрек деген адамның моторы екен. Тоқтап қалса, сен де еріксіз тоқтайсың. Керісінше, зуылдаса, ілесе алмай қаласың. Тура толғақ уақытында іштегі баланың да, менде де тахикардия болып, жаным көзіме көрінді. Есімді жоғалтып, не болып жатқанын түсінбеймін, қабылдамаймын. Өлдім деп ойлап, кәлимаға тілім келмей жатты бұрмаланып", – деді блогер-ана.
Еске салайық, Блогер Ырысбала Икрамбай зорлық-зомбылық көрген әйелдердің хикаясын жариялап, түрлі оқиғаны бөліскен еді.