Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәрібір ештеңе түсінбейсіздер": Жаңа министр өз декларациясын жария ету туралы айтты

Жақында ғана қаржы министрі болып тағайындалған Мәди Такиев “өз табысын жария ете ала ма” деген журналистердің сұрағына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Үкімет отырысынан скрин

Үкіметтегі брифинг кезінде журналистер Такиевке өзінің алдында осы қызметте болған Ерұлан Жамаубаев декларация тапсырамын деп уәде бергенімен, сол күйі көрсетпей кеткенін айтты. 

“Сіз қаржы министрлігінің жаңа басшысы ретінде өз табысыңызды көпшілікке жариялайсыз ба? Шенеуніктердің декларациясы бұқараға көрсетілуі керек пе? Бұған көзқарасыңыз қалай?”, – деп сұрады тілшілер. 

Мәди Такиевтің сөзінше, шенеуніктердің табысы, мүлкі көпшілікке жария етіледі. 

“Біздің заңда 2025 жылдан бастап бәрі ашық көрсетіледі деп жазылған. Менің декларацияма келсек, мен оны жариялай аламын. Бірақ сіздер ол жерден ештеңе түсінбейсіздер. Себебі бізде тіркелген мүлікті көрсетудің қажеті жоқ, ол мемлекеттік ресурстардан “тартылады”, – деп жауап берді Такиев. 

Бұған дейін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайы тапсыруға тиіс екені хабарланған. 

Талқылау