"Ешкім үйретпеген": Түркістан облысында есепті жылдам шығаратын төрт жасар баланың видеосы көпті тәнті етті (видео)
Түркістан облысы Шардара ауданы Егізқұм ауылының тұрғыны төрт жасар Көпбай Ислам әлеуметтік желі қолданушыларын математикалық қабілеттерімен таң қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24“ арнасына сілтеме жасап.

Жас математик әлі мектепке бармайды, бірақ екі таңбалы және тіпті үш таңбалы сандарды тез қосады. Сонымен қатар, көбейту кестесін жаттап алған.
Анасының айтуынша, Ислам кішкентайынан сандарға, есепке қызыққан. Тіпті оны ешкім үйретпегенін айтады. Бала мектепте оқитын әпкелерінің қасында отырып, өзі меңгеріпті.
"Үлкен қыздарым сабақ оқып жатқанда, қастарына отырып, кітаптарын ашатын. Екі таңбалы сандарға қарап, соңынан шеше бастады. Ол кезде небәрі үш жаста еді. Телефонда әрдайым математикалық ойындар ойнайды. Атамыз математик болған. Бәлкім, атасынан дарыған талант шығар", – деді анасы Гүлнар Қонарбаева.
@elitar.kz Юный математик! #дети #гений #новости #казахстан ♬ оригинальный звук - Elitar.kz
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр