Ешкім тексеріп жатқан жоқ: Қарағанды тұрғыны дәрігер болмаса да вакцина салғызғанын айтты
Қарағанды тұрғыны дәрігер болмаса да, коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі.

Фото: Facebook
Денис Малинов вакцинация орталығына вакцинацияның алғашқы күнінен-ақ шақыртылған.
"Мен бірінші кезеңде вакцинацияланатындардың қатарына жатпаймын. Бірақ оны тексеріп жатқан ешкім жоқ", - деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.
Вакцина алғаннан кейін қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығынан COVID-19-қа қарсы вакцинацияға шақыру келгенін айтады ер адам.
"Мен өзім таң қалдым. Аты жөнім мен ИИН нөмірін ғана сұрады. Яғни, менің төлқұжатыммен кез келген адам келіп, менің орныма вакцина салдыра алады", - дейді ол.
Еске салсақ, бүгін елімізде жаппай вакцинациялау басталды. Бірқатар лауазымды тұлғалар вакцина салғызып үлгерді.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді