Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешкім келген де, ескерткен де жоқ": Жахан Отарғалиев оралдықтардың су тасқынына өз бетінше дайындалып жатқанын көрсетті

Танымал әзілкеш, актер Жахан Отарғалиев туған өңірі Орал қаласына барып, су тасқынын көзімен көргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhahan_utargaliyev/

Актер үйінің айналасын көрсетіп, ауыл іргесіндегі өзен арнасынан шығып жатқанын айтты. 

“Үн-түнсіз қалып кетпейік! Мынау тұрған біздің үй болса, сайдың аржағында өзен суға толып тұр. Жайлап су келіп жатыр. Бірақ ешқандай ескерту айтылған жоқ. Адамдар барып, қапшықпен құм жинап қойды. Назар аударыңыздар, бұл жақта да ел бар! Өзенге су толып, арнасынан тасыса, ауыл түгел кетеді. Елдің күші – бірлікте. Ауыл тұрғындары бірігіп, өз бетінше іске кірісті ”, – деп айтты әзілкеш. 



Еске салайық, 13 сәуірде Жайық өзеніндегі Орал гидрологиялық бекетінде су деңгейі 743 см-ге дейін көтерілді, қауіпті деңгей 850 см болды. Облыстың ішкі өзендерінің көбінде су тасқыны шарықтау шегіне жеткені айтылды. 

“17 сәуірде Январцево ауылының су қоймасы арқылы Ресей Федерациясынан келетін судың салдарынан Жайық өзенінде су тасқынының шарықтау шегі басталуы мүмкін делінді. 20-21 сәуірде Оралға су келеді деп болжанып отыр. Осыған байланысты Қанат Бозымбаев су тасқынына дайындалу үшін БҚО-ға қосымша 750 бірлік техника тартуды тапсырды, оның 100-і Жайық өзенінің жоғары ағысы бойынша елді мекендерге, 500-і Орал және 150-і өзеннің төмен ағысына арналған. Бұдан басқа елді мекендердің айналасындағы бөгеттер мен бөгет құрылыстарын нығайтуды тапсырды”, – деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі. 

Фото: https://www.instagram.com/zhahan_utargaliyev/

Бұған дейін Тоқаев 4 сәуір күні Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, жағдайды бақылап, тұрғындармен кездесіп, шағымдарын тыңдаған еді. 

Талқылау