Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Есепке құрылған махаббат": Нұрқаділовтің бірінші әйелі күйеуінің Мақпалмен қалай көңіл қосқанын ашық айтты

Танымал саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында әнші Мақпал Жүнісова мен күйеуінің арасында махаббат болғанына сенбейтінін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Бағдарлама жүргізушісі Нұрсейіт Жылқышыбайдың “Заманбек Нұрқаділов не себепті өмірлік жарын екі баламен тастап, басқа әйелке кетіп қалды?” деген сауалына Нұрбике Нұрқаділова: “Білмеймін. Махаббат деді ғой. Екеуіміз үйленгенде махаббат пен кедейшілік болды. Студенттік степендияға, ауылдан келетін сәлемдемеге өмір сүріп жүрдік. Ал кейінгісі есепке құрылған махаббат. Дайын асқа тік қасық болып, біреулерге әкім күйеу керек болған шығар. Екі адамның ортасына үшінші адам аралсқаннан кейін өмір бұзылады. Енді бір ойым, саясаттың құрбаны болды ма екен деймін. Лауазымы өспесін дегендер жолын кесті ме екен, білмеймін”, – дейді ол.

Нұрбике Нұрқаділова күйеуінің өліміне өнер иесінің де қатысы болуы мүмкін деген күдігін де жасырмады.

“Мақпалға “Заманбекті үйінен алып кету керек” деген тапсырма берген шығар. Менімен қызметі де өсті, денсаулығы да жақсы болды, ішімдік те ішпейтін, артық салмағы да болмайтын. Мақпалмен Зәкең бар кезде де, өмірден өткеннен кейін де сөйлескен емеспіз. Біз сөйлеспейміз, араласпаймыз. Өзі хабарласқан емес, хабарласпай-ақ қойсын, мен оны керек етіп жүрген де жоқпын. Маған бөтен адам сияқты. Бірге араласып, шәй ішіп, шаруа шешкен адам емеспіз. Мақпалдан не тапқанын білмеймін, бірақ бір профессорға: “Қателік жасадым, бекер кеткен екенмін” депті. Бір видеосында марқұм менің атымды атап жылап отыр екен. “Қайыркен, кешір мені. Қайтатын жолым жоқ” деп жылағанын көрген адамдар бар екен, – дейді саясаткердің бірінші әйелі. 

Нұрбике Нұрқаділованың айтуынша, ол күйеуін үйден кеткенде-ақ кешіргенін айтты.

баннер виза

Талқылау