Есентаевтың қарындасы Алагөзовке арнап торт әзірлеген Айаруға ренішін жеткізді (фото, видео)
Баян Мақсатқызының сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзов өзінің 48-ші туған күнін тойлады. Танымал кәсіпкерді алғаш болып Баянның өзі құттықтады. Ал оның кіші қызы Айару “өгей әкесіне” арнап торт әзірледі, деп жазады Stan.kz.
Өз әкесі абақтыда жатқанда, анасының жаңа сүйіктісіне көрсеткен ілтипаты Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима Есентаеваның шамына тиді. Ол іштегі ренішін жасыра алмаса керек-ті, бар сырын желідегі оқырмандарына ақтарды.
Ол Айарудың торт әзірлеп тұрған сәті мен тәттіні қолына алып мәз-мейрам болып тұрған Алагөзовтың суретін жүктеп, былай деп ренішін білдірді:
“Ағаштың балтаға айтқаны: Сенің мені шапқаныңа емес, сабыңның менен болғанына қапа боламын. Түсінгенге ой саларлық. Кім қалай түсінер? Біздің түсінігімізше, кейінгі фотоларға тура айтылғандай”.
Өз кезегінде желідегілер Есентаеваның жазбасының астарын түсінді. Олардың кейбірі 13 жастағы Айаруды сынаса, ендігілері оның әлі бала екенін айтып, бар кінә анасында деп пікір білдіруде.
Жіберіп алмаңыз:
Тоқтар Серіков: Бар әйелді, бар баланы елден жасыру – күнә
Қайрат Нұртастың 10 жыл бойы келіншегін жасыруының себебі белгілі болды
Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлінің хит әндерінің авторы шаңырақ көтерді (видео)
Баян Мақсатқызының туындысы “жыл кітабы” атануы мүмкін (фото)