Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызының туындысы “жыл кітабы” атануы мүмкін (фото)

Баян Мақсатқызының “Баян. Өзім жайлы ғана емес” атты тырнақалды туындысы “Жыл кітабы” аталымына таласқа түсуде. Бұл туралы желідегі оқырмандарынан анасына дауыс беруді өтінген Айсәуле Бақытбек айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

21688874_348017775620471_1666414467233087488_n

hommes.kz сайтында жүріп жатқан дауыс берудің қазіргі нәтижесіне қарап Баян Мақсатқызы өзгелерді шаң қаптырады деп айтуға келетіндей. Себебі “Баян. Өзім жайлы ғана емес” туындысы жеті кітаптың ішінде көш бастап тұр. Атақты продюсерге дауыс берушілердің 36%-ы қолдау білдірген. Ал екінші орында 24% көрсеткішпен Ермек Тұрсыновтың “Өмірдің ұсақ-түйегі” атты кітабы келе жатыр.

баян кітап жыл

Айта кетейік, Есентаеваның ғұмырынан сыр шертетін автобиографиялық кітап 2017 жылдың шілдесінде жарыққа шыққан болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Жеңіс Ысқақова келін түсірді (фото, видео)

Тоқтар Серіков: 91-ге ерегіскенде сақалым ағарғанша сахнада жүремін

Тұрсынбек Қабатовтың қызы ЭКСПО-ның жабылуында Елбасымен бірге сахнаға шықты (фото, видео)

Жұлдызды төрттік: Ләйлә Сұлтанқызы әншілермен бірге қыз ұзатты (видео)

Талқылау