Ертіс өзенінде балық қырылып жатыр
Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс өзенінде балық қырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына 9 сәуірде Ертіс өзенінде балықтардың қырылғандығы туралы ақпарат келіп түскен. Сол күні инспекция мамандары бекітілген талапқа сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментімен, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен және орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету бөлімімен бірлесіп, су қоймасына зерттеу жүргізді.
"Қырылған мөңке балығының жалпы салмағы – 30 келі. Қазіргі уақытта балық өлекселері толықтай жойылды. Сонымен қатар зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін судың және балықтың сынамалары алынды", - делінген инспекция өкілдері таратқан хабарламада.
Балықтың не себепті қырылғаны зерттеу нәтижесінен кейін белгілі болмақ.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен