Ернар Айдардың қолынан микрофонды тартып алған әжей жиылған жұртқа ақыл айтты
Ернар Айдардың концерттерінің бірінде ыңғайсыз жағдай орын алды. Ән кешіне келген әжей әншінің қолынан микрофонды тартып алып, жиылған жұртқа ақыл айтып ұрысты. Ән тыңдауға кедергі келтіріп, шулаған балалар кейуананың ашуына тиген, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео әншінің фан-парақшаларының бірінде жарияланды. Концерттің қай қалада өткені белгісіз.
"Айналайын халқым, бала тудыңдар ма, қарамайсыңдар ма?! Дәмханаға тойға барсаң, бала жылап жүреді, концерт көруге келсең, балалар жүгіріп жүреді. Ұят бар ма?! Суретке түсесіңдер ма, концерттен кейін Ернарды 1 сағатқа алып қалып, 500 теңгеден төлеп, қалағанша түсіңдер. Ұят деген бар ма сендерде өзі?!" — деп ашуланды әжей.
Ернар Айдар қарияға риза болып, алғысын білдірді.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін