AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық әнші 20 жылдан соң сәбилі болды

Отандық әнші Наркенже Серікбай 20 жылдан соң ана атанды. Сүйінші хабарды әншінің өзі хабарлады. 

“Соңғы уақыттарда өмірімдегі өзгерістер құдды түсім секілді болып жүр. Әкесі екеуміз Хадияшымыздың иісіне мас болып, ұйқысына, күлкісіне, әрбір әрекетіне қызығып, тоймай жүрміз. Жаратқан берген бағынан айырмасын. Түн ұйқыны төрт бөліп, босанғанға дейінгі, босанғаннан кейінгі әрбір ауырлықты араға 20 жыл салып қайта сезінемін деп ойлаппын ба?! Өмір - таңғалдыруымен ғажап екен ғой. Білмеймін, ішімде сөзбен айтып жеткізе алмайтын, бір өзге тұрмақ, өзім түсіне алмайтын қызық сезім болып жүр”, – деді Наркенже Серікбай. 

Әнші отбасылық жағдайларға байланысты өнерде көрінбей кеткенін түсіндірді. Ол қазір бар уақытын балаларына арнап келеді. 

“Абай атамыз: “Адамның бір қызығы бала деген” бекер айтпапты.
Ең бастысы, Саяшымның “Бауырым болса екен” деген шынайы дұғасы, қабыл болғанына Жаратқанға күні-түні шүкір етемін. 🤲🏻
Көп көрінбей кеттім. Байқап та жүрген шығарсыздар.
Жай ғана қазіргі баға жетпес байлықтарыма көбірек көңіл болып, жанның рахатын, жүрек тыныштығын бұзбай, әрбір сәтті керемет етіп пайдаланғым келіп жүр”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары бауы берік болсын айтып, қуанышқа ортақтасты. 

“Өзіңіз босандыңыз ба? Бауы берік болсын”, “Бағыңыз еселене берсін! Нәрестенің бауы берік, несібесі мол, денсаулығы мықты, өмір-жасы ұзақ болсын!”, “Ма Ша Алла. Алла ғұмырымен бергей, иманды, салихалы ұрпақтан болсын. Бақыттарыңыз баянды болып, Алла екі дүниенің бағын нәсіп етсін Иншалла. Хадияңыздың артынан және бауырлары ере берсін”, “Бағың баянымен, балапаның ғұмырымен болсын”, “Керемет. Алла ұзақ ғұмыр берсін”, – деп жазды желідегілер. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр