Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әрқашан қасыңда болам, сенші маған, шын айтамын": Айқын Төлепберген Жұлдызға сезімін білдірді

Айқын Төлепберген жары Жұлдызды өткен туған күнімен құттықтады. Әнші жүрекжарды жазба жариялап, ел алдында сезімін білдірді.

“Жаным менің, туған күніңмен өтіп кеткен!!! Мен сені қатты жақсы көремін және әрқашан қасыңдамын. Сенші маған, шын айтамын!!!” –деп жазды Төлепберген.

Жұлдыз Өмірғали жолдасының құттықтауына жауап берді. 

“Рахмет, жан, сенемін ғой, әрине”, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары мен өнер өкілдері Жұлдыз Өмірғалиді туған күнімен құттықтап, ақ тілегін арнады. 

“Тағы бір нәрсе бүлдірді-ау сөзіне қарағанда”, “Айқын, сенбей жүр ме әйелің”, “Не деген керемет махаббатқа толы сөздер”, “Құтты болсын, бауырым, туған күндерің! Бар жақсылықты тіледік! Бақытты болып, махаббаттарыңды соңына дейін алып өтіңдер!”, “Махаббаттарың мәңгілік болсын! Тіл-көзден аман болыңыздар! Бакытта, шаттықта шалқып жүріңдер”, “Жұлдыздың туған күні құтты болсын! Жалғыз, сүйікті әншім – ”Айқын”, “Махаббаттарың мәнді, өмірлерің сәнді болсын. Қоса қартайыңдар”, “Жұлдыз жап-жас, өзің байқа”, – деп жазды желі қолданушылары. 

Бұған дейін  Жұлдыз Өмірғали Айқынды туған күнімен құттықтап, тілегін білдірген еді. 

“Жаным, туған күнің құтты болсын. Денің сау, аман болғаныңды тілеймін. Әрқашан қасымызда күліп, әніңмен қанат қағып, тек биікке самға. Біз сені өте қатты жақсы көреміз”, – деп жазды әнші. 


Талқылау