Ернар Айдар ұйымдастырған ұтыста сыйлыққа берілетін көліктер жалға алынғандығы анықталды (видео)

Алматы қаласы экономикалық тергеу департаменті мен полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде ұтысы жоқ жалған лотерея ойынын ұйымдастырғандарды анықтады. Олардың арасында Ернар Айдар да бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қылмыстық топ

Бұл туралы экономикалық тергеу департаменті баспасөз қызметінің мәлім етті. 

"Аталған топ 2020 жылдың 23 ақпан мен 23 сәуір аралығында құнды ұтыс сыйлықтарын - яғни 4 автокөлік (2 седан және 2 джип), Алматы қаласында бір бөлмелі пәтер және басқа да тұрмыстық техниканы ойнатпақ болып, жалған лотерея ойынын ұйымдастырған. Алайда, жоғарыда көрсетілген құнды сыйлықтар болмаған. Олар лотерея ойынына қатысушыларды сендіру үшін 4 автокөлікті басқа жеке тұлғалардан жалға алғандығы анықталды", - делінген ерсми хабарламада. .

Олар әлеуметтік желілерде жүргізген жарнама арқылы 9 900 теңге тұратын 20 000 данадан астам ойын билеті сатылған. Ұтыс ойынын ойнататын бағдарламаға, ұйымдастырушылармен алдын ала белгіленген ұтыс билеттері енгізілген.

«Қазіргі таңда, ҚР қылмыстық кодексі 190-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша (алаяқтық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы) бірқатар азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп қосты департамент өкілдері. 

Сонымен қатар заңсыз лотерея ойынын ұйымдастырушылар төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ҚР әкімшілік кодексінің 476-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске салайық, бұған дейін ТЖ кезінде әлеуметтік желі арқылы ұтыс ұйымдастырған Ернар Айдарды полиция қолға түсіргені туралы айтылған болатын. 


"Жеңіл табысқа құмартпаңыздар": Мейрамбек Беспаев Ернар Айдардың ұсталуы жайлы

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр