Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдар Серік Ибрагимовтің әйгілі әні арқылы жеке өмірінің құпиясын ашты (фото, видео)

Қолына ақ құсын қондырып, неке жүзігін таққан сәтте «Үйлендім мен» деп әндеткен Серік Ибрагимов, жұбайын жасыратын әріптестерінің қулығын әшкерелеуге көшкен сынды. Әнші бұл тәсілін күні кеше өткен Ернар Айдардың концертінде қолданып көрді. Республика сарайында мерейтойын атап өткен Ернарды жанұялы екенін ел алдында жария қылуға мәжбүрлеген. Екі дос бұл кеште «Үйлендім мен» әнін қосыла шырқады. Идея авторы Ибрагимовтың өзі. Ал, жаңа дуэттің шығу тарихы жайлы Stan.kz тілшісі хитмендердің өзінен сұрап көрген болатын.

«Негізі бастапқыда мен Ернарға осылай жасайық деп айтқанмын. Содан кейін ол «Қойшы, үйленгенімді бір рет айттым ғой. Қайта-қайта жария қылғаннан не пайда», – деп келіспеді. Одан кейін біраз уақыт өткен соң өзі қайта қоңырау шалды. Серік, осылай жасайық, себебі халыққа да, бізге де қызық болады деп шешті. Мысалы, «Үйлендім мен» десем, Ернар: «Мен де үйлендім» деп шығады. (күледі) Жалпы айтқанда, Ернардың үйленгенін қайтадан сахнада растайтын ән», – дейді Серік Ибрагимов.

Иә, жұбайын жұрт назарынан тыс жерде ұстайтын Ернар бұл ұсынысты бірден қабыл ала қоймағанын айтады. Тіпті, бірнеше тректерді іздестіріп көрген. Алайда, үйленгенін жария қылғысы келмеген әнші жігітті Сәкен Майғазиевтің сөзі жігерлендіріп жіберген…

«Серік екеуіміз басында басқа әнді айтпақшы болдық. Содан кейін сай келетін әнді таппадық. Бір жағынан «Мен үйлендім» деген әнді айтсақ жарасатын сияқты. Сөзі де, әннің өңдеуі де керемет. Сәкен Майғазиев ағамыз айтпақшы «Жассыңдар ғой, жас болып жүрсеңдерші. Қартайып үлгересіңдер, Алла өмір берсе дейді ғой». Сол сияқты жастық шақта дәл осындай әнді орындағанға не жетсін. Айтуға келістім», – дейді Ернар Айдар

Бұл концертте Ернар Серіктің репертуарындағы әнді орындауды жөн деп шешсе, Керменбаев керісінше Айдардың хиттерін қосыла шырқады. Қара бала мен кеш иесі көпшіліктің көңілінен шығып үлгерген «Сонда да сүйемін» атты танымал тректі бірігіп жазыпты. Ал, ел алдында шығып, «Үйлендім мен» деп жар салған әріптестерінің бұл қадамына Нұржан оң бағасын беріп отыр.

«Менің өз басым жұбайымды жасырмаймын ғой. Оны мен әлеуметтік желілерде де айтып жүремін, көрсетіп жүремін. Жасыратын еш нәрсесі жоқ деп білемін. Біреу жасырып, одан пайда көріп жатса оған да қарсылығым жоқ. Әркімнің стилі, өмір жолы әр түрлі. Кім өзінің халық алдында қандай стилін құрғысы келеді, өзі біледі. Бірақ, жұбайыңды көрсетіп, ел алдында шынайы болған жақсы ғой негізінде», – дейді Нұржан Керменбаев. 

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдардың концертінің соңы жаппай айқай-шуға ұласты (фото,видео)

Кедейлік пен бақытсыздықты, ауыр дертті жеңген жан: Құралай ханым кім?

Шімән апа эстрада әншілерінің бетпердесін ашып, өтіріктерін жайып салды

«Нысана» театрының директоры: Ешкімге керек болмай қалатынымды білемін

Жеке өміріндегі шудан кейін Баян Мақсатқызы қалай өзгерді? (фото)

Талқылау