Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдар есін жиды

Әнші Ернар Айдар есін жиды. Оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

ернарS_11

Бұл туралы әншінің директоры Жазира Еркін Stan.kz тілшісіне айтып берді.

“Жағдайы қазір бірқалыпты. Әлі де реанимацияда. Алматыдағы қалалық ауруханалардың бірінде жан сақтау бөлімінде жатыр. Құдайға шүкір, есін жиды. Дәрігерлер бірқалыпты деп жатыр. Бірақ сәуір айына жоспарланған жұмыстардың барлығын кейінге қалдыруға тырысамыз. Ернардың аяққа тұруын күтеміз.

Оған жақсы күтім керек, жақсылап қаралу керек. Жақын арада сахнаға шыға алмайды. Бастысы өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.”, – дейді Жазира Еркін.

Жазира Еркін Ернардың продюсері туралы да айта кетті.

” Продюсері де сол аурухананың палатасында жатыр. Ол кісінің де жағдайы, Құдайға шүкір, жаман емес”, – деп түйіндеді сөзін ол.

Жіберіп алмаңыз:

Анасы Димашты финалда қолдау үшін Қытайға аттанды (фото)

Жұлдыздарға тұсау кестіру қанша тұрады?

Роза Рымбаева Абай Бегей мен Асхат Тарғынды ұнатпайтынын ашық айтты

Нұртас Айдарбеков келіншегінің туған күнінде немересін көрсетті ме? (фото)

Түркияда жатқан Жігер Ауыпбаев денсаулығы жайында өз аузымен айтып берді (видео)

Талқылау