Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ермахан Ибраимов жаңа қызметке тағайындалды

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ермахан Ибраимов жаңа қызметке тағайындалды. 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) басқару органдарына қосылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бір күн бұрын AIBA ұйымның директорлар кеңесінің дауыс беруі өтті.  Нәтижесінде Ермахан Ибраимов олимпиадалық даярлау орталығының директоры, AIBA чемпиондары мен ардагерлері комиссиясының мүшесі болды.

Сонымен қатар, тағы бір отандасымыз, Қазақстан бокс федерациясының менеджері Мейрам Нұртазин AIBA Конкурстық комиссиясының мүшесі болды.



"Жаңадан тағайындалған қазақстандықтарға AIBA президенті Умар Кремлев хат жіберді. Ол өзінің хатында жаңа қызметкерлердің білімі мен тәжірибесі ұйымның дамуына үлес қосатынына сенім білдірді", - деді Қазақстан бокс федерациясы.

Ибраимов пен Нуртазин 2018-2019 жылдардағы үзілістен кейін AIBA-ның басқару органдарына тағайындалған алғашқы қазақстандықтар. Оған дейін 2014 жылдан 2017 жылға дейін комиссияларда алты жерлесіміз жұмыс істеген. 2019 жылы ұйымдағы реформаларға байланысты барлық комиссиялар таратылып, қазір жаңадан құрылып жатыр.

Еске салайық, Ермахан Ибраимов 2021 жылдың қаңтарында "Нұр Отан" партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаты болды.

Талқылау