Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ерлермен тіл табыса алмаймын": Фарема Қазақпаева көңілі қыздарға ауатынын мәлімдеді

Caffeine тобының әншісі Фарема Қазақпаева ерлерге емес, қыздарға көңілі ауатынын мәлімдеді. Айтуынша, ол еркектермен тіл табыса алмайды. Олардың озбырлығы, өзін-өзі ұстауы ұнамайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Время" газетіне сілтеме жасап.

"Иә, мен қыздармен кездесіп, бірге тұрдым. Біреуімен үш жыл, екіншісімен екі жыл бірге өмір сүрдім", – деп ашығын айтты әнші. 

"Мұның дұрыс емес екенін білемін. Бірақ бәрі білсе де, маған бәрібір. Бастысы, ата-анам біледі, оларға өзім келіп айттым. Олар соған қарамастан мені жақсы көреді және бар қалпымда қабылдайды", – деді Фарема. 

Айтуынша, ер адамдармен тіл табысуы қиын. "Ерлер менен қорқады, танысу үшін бірінші болып қадам жасамайды", – дейді өзі. 

Сондықтан да оның таңдауы қыздарға келіп түскен. 



Caffeine тобының әншісі сырт көзге нәзік, биязы көрінгенімен, көңілді кештерде шектен шыққан ерлерге қайсар мінезін көрсетеді. 

"Мысалы, қолыңнан ұстап алып, дөрекі түрде: "Биле" деп бұйырады. Дәл сондай қалыппен: "Мен билемеймін, ән айтамын", – деп жауап беремін. Сол үшін де ұрыс-керістер көп болған. 

Өмірде ерлердің озбырлығын көтере алмаймын. Бір жолы түнгі клубта бір жігіт құрбымның құйрығынан ұрып жіберді. Алдымен балағаттай бастадым, ол түсінбеді. Сосын шыға берісте биік өкшелі аяқкиімімді шешіп, қолыма жұмыр тас алып, басынан бір-ақ ұрдым. Қолыма кісен салынып, РОВД-ға түссем де, жасаған ісіме өкінген жоқпын. Мұндай ерлермен басқаша қалай сөйлесесің?" – дейді Фарема. 

Талқылау