Ерлан Қошанов: "AMANAT" партиясы барлық игі істердің алғы шебінде жүруі тиіс"
Астанада "AMANAT" партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алғашқы республикалық форумы өтті. Жиында партия Төрағасы Ерлан Қошанов Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы "Әділетті Қазақстан мен Адал азамат" концепциясын ұсынғанын еске салды.

"Әділет пен адалдық – ажырамас ұғымдар. Ал осы ұғымдардың салтанат құруы үшін қоғамдық сана мен әлеуметтік құндылықтар өзгеруі керек. Сонда ғана көздеген мақсатымызға жетеміз. Бұл бізге де қатысты. Осы жолда "AMANAT" партиясы барлық игі істердің алғы шебінде жүруі тиіс", – деді ол.

Сондай-ақ, партия Төрағасы "AMANAT"-тың еліміздегі ең ірі, ықпалды саяси күш екенін алға тартып, әр облыста, әр қала мен ауданда бөлімшелері, әр елді мекенде бастауыш ұйымдары жұмыс істейтінін атап өтті.

"Біз әрдайым елмен біргеміз. Елдің қалың ортасында жүрміз. Халықтың сенімі бізге күш береді. Сол сенімнің арқасында, өткен сайлауда Мәжілісте де, мәслихаттарда да басым дауысқа ие болдық. Баршамызды бір миссия – мемлекет пен халыққа адал, риясыз қызмет ету миссиясы біріктіреді", – деді Ерлан Қошанов.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік