Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Біләл «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын қайтарып алды

Сот Ерлан Біләлға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»  атағын қайтарып берді. Бірақ әртіс сот міндеттеген қомақты айыппұлды әлі төлеп бітірген жоқ.

Ал «Сезам» театрының директоры апелляциялық сотқа қайта шағым түсіріп, моральдық шығын ретінде Ерлан Біләлдан бір миллион теңге өндіріп беруді талап еткен, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Апелляциялық сотқа бұл жолыда Ерлан Біләл жауапкер ретінде келген. «Сезам» театрының директоры Қайрат Баянов соттан Ерланнан моральдік шығын ретінде бір миллион теңге өндіріп беруді талап еткен.

Баянов шағымды өзі емес, адвокаты жазғанын айтсада, бір миллион теңге өндірудің себебін ақыры судьяға  түсіндіріп, дәлелдеп  бере алмады. Прокурорда «Сезам» театрының директорының шағымын қараусыз, бұрынғы үкімді күшінде қалдыруды қолдады. Моралдық шығын өтеуден құтылған соң әртіс өзінің атағын қайтарып беру туралы өтінішінде судьяға жеткізіп үлгерді.

Судья Бектемірова «Құрмет орденін» қайтару өтінішін қараусыз қалдырсада, Ерланға «Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері» атағын  қайтарып берді.

«Болған оқиғаға атақ-дәреженің еш қатысы жоқ. Өйткені мен шығармашылық адам ретінде сол Қазақстанның еңбек сіңірген атағын алған болатынмын. Ойнаған рөлдерім үшін, актер ретінде. Сол атағыма әділетті шешім қабылдап, соттың шешім қалдырғанына үлкен алғысымды білдіремін. Бәріне тәубе деп қарайтын  халықпыз ғой. Сондықтан ер жігіттің мойнында қыл арқан шірімес. Көтереміз шама-шарқымыз келгенше», – деді  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әртіс Ерлан Біләл.

Есте болса, ақпанның 7-сінде Алматының Алмалы аудандық соты Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бұрынғы директорына «пара алуға әрекеттену» айыбын тағып, оған  52 миллион 500 мың теңге айыппұл салған еді. Бір ғана жалақыға қарап отырған әртіс қомақты қаржыны әлі төлеп бітіре алмағын айтты.

Тағы да оқыңыз:

Пара алып сотталған Ерлан Біләл актер болып жұмыс істей береді

Баян Алагөзова: Екі жыл бұрын көз жұмғанымда, маған мүмкін бір атақ берер ме еді

Қанағаттандыра да алмайсыңдар: Атышулы Замира ер азаматтарға тағы да өкпесін айтты (видео)

Талқылау