"Еркеге үйленгеннен кейін, зерттей бастадым": Баян Мақсатқызы сүйікті әншілерінің есімін атады
Белгілі продюсер, актриса Баян Мақсатқызы қазақ эстрадасынан сүйіп тыңдайтын жас әншілердің есімін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Замандас” подкастына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Подкастан скриншот
Продюсердің айтуынша, эстрадаға жаңа леп әкелген жас әншілердің шығармашылығын бақылап отыратын көрінеді.
“Барлық жас әншіні тыңдаймын деп айта алмаймын. Бірақ “Краска, мэйк жағатын қызға бас кетеді” деп әндететін Kalifarniya-ны жақсы көремін. Сол әнін жаттап алғанмын. Философияға тұнып тұрған ән. Адамның ойына боянатын қызға бас кетеді деген сөйлем қайдан келуі мүмкін. Өте қатты ұнады. Әлі күнге дейін жалықпай тыңдаймын. Әншінің өзі музыкаға жақын екенін көрсетті. Дауыс ырғағы да керемет”, – деді продюсер.
Одан кейін Raim-ның атын атады. Алайда Ерке Есмаханға үйленгенге дейін ол әншінің шығармашылығымен таныс болмағанын жасырмады.
“Тағы бір сүйікті әншім бар. Ол – Raim. Еркеге үйленбей тұрғанда “Дискотека из 90” әні хит болды. Ол әнді де тыңдағаныммен, қандай әнші орындайтынына қызығушылық танытпаппын. Былтыр Еркеге үйленгенде барып, зерттей бастадым. Одан кейін “Жаным-ау, сен” деген әні хит болды. Біраз уақытқа дейін тыңдап жүрдім. Ирина Кайратовна – алтын әріппен жазылатын топ. Жалпы, жас әншілерді тыңдаймын. Түрлерін танымасам да, әндерін білемін”, – деп ағынан жарылды Баян Мақсатқызы.
Еске салайық, продюсер алғаш рет немерелері туралы айтқан еді.