Еркебұлан Тоқтар Octagon 60 турнирінде жұдырықтаспайтын болды
Қазақстандық танымал актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтардың Octagon 60 турниріндегі жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Instagram.com/octagonleague/
Кезекті жекпе-жегін Octagon 60 турнирінде өткізуі керек болған қазақстандық танымал актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар шаршы алаңға шықпайтын болды. Octagon 56 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірінде өзбекстандық Одилхон Камоловты айқын басымдықпен ұтқан отандасымыз “17 кг” лақап атымен танылған, қырғызстандық Эльчибек Абдувалиевпен жұдырықтасуы керек болған. Бірақ Эльчибек жекпе-жекке дайындық барысында қолын сындырып алып, Еркебұланға қарсы жұдырықтаспайтын болды. Еркебұлан басқа қарсыластармен жұдырықтасудан бас тартты.
Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар шаршы алаңда 10 жекпе-жек өткізіп, соның жетеуінде жеңіске жетсе, үш рет ұтылып қалған еді. Ал оның қарсыласы 2 жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіліске ұшыраған.