Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ерке ренжіп қалды": Айқын A.Z-мен жаңа дуэт ұсынды

Айқын Төлепберген Ninety one тобының бұрынғы мүшесі A.Z-мен жаңа дуэт жазды. Жаңа туынды "Аспанда. Сұр мұңлы ай" деп аталады. Ал бұрынғы сүйіктісінің өнердегі жолына Ерке Есмахан бейжай қарамайтын болып шықты. Ол Азамат Зенкаевпен бірлесіп жұмыс істегені үшін әріптесі Айқынға ренжіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Негізі ән жазылды. Музыкалық көмекшім Асанәлі екеуміз ақылдасып отырып, рэпер керек дедік. Ақырында A.Z-мен жұмыс істеп көрейік дедік. Сөйтіп Еркеге хабарластық", – деді Айқын Gakku Plus арнасына берген сұхбатында.

Айқын мен A.Z-ні рэпердің бұрынғы сүйіктісі Ерке Есмахан таныстырған. Алайда ән жарыққа шығамын дегенше ғашықтар айырылысып кеткен. 

"Ерке: "Өздерің білесіңдер ғой. Бірақ сені таныстырған мен ғой" деп кішкене ренжіді. Біз сонда да әнді жарыққа шығардық. "A.Z-мен feat жазатын болсаң, мен сенімен сөйлеспеймін. Онымен дуэт жазба" деді. Мен: "Бұл өнер ғой, екеуміз дос емеспіз, тек өнер үшін керек", – дедім. Жаздым, ол ренжіп қалды. Instagram-да менің парақшамнан шығып кетті, сосын мен де шығып кеттім", – деп ағынан жарылды Айқын.



Бүгінде әріптестер желіден бір-бірін өшіріп, араласпайтын күйге жеткен. Алайда жүрген ортамыз бір болғандықтан, ешқайда қашып кете алмайсың деген Айқын әріптесінен бірінші болып кешірім сұрады. 

"Еркеша, ренжіме, ондай болып тұрады. Әлі талай концерттерде, тойларда жолығамыз", – деді ол.

Айта кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын Айқын мен A.Z тыңдармандарына “Өтіп кетті” атты алғашқы дуэттерін ұсынған еді.
 

Талқылау