Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ерке қарындасына күтпеген сый”: Төреғали Төрәлі туған қарындасына тосын сый жасады

“Тойдың боларынан боладысы қызық” демекші кешегі Төреғали шаңырағындағы ұзату той әлі талайдың назарында, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші Төреғали Төрәлінің кенже қарындасы Дина ұзатылды. Қызылордалық Ернар есімді жігітпен ару үш ай көңіл жарастырған. Романтикаға толы ұсыныс қыркүйек айында жасалған еді. Екі ғашық осыдан бірнеше апта бұрын қол ұстасып Еуропаны бірге аралап келген болатын. 

9 қараша күні жұлдызды әулиет Алатау бөктерінде дүркіретіп ұзату тойын өткізді. Тойдың шымылдығын Төреғали арнаумен ашса, той ортасында ерке қарындасына тосын сый жасады. 

Бұл туралы Төреғалидің жары Толқын өз парақшасында “Қазір ағатайы еркетайына тосын сый жасайды” деп жариялады. Толқын айтқан тосын сыйдың басты авторы Нұрболат Абдуллин екен. Нұрболаттың ұсынысымен Динаның өнердегі жеті ағасы бірігіп ән жазып, ұзату тойда тұсауын кесті. 

Жеті хитмэннің ішінде: Төреғали Төрәлі, Нұрболат Абдуллин, Қуандық Рақым, Қайрат Нұртас, Еркін Нұржанов, Ернар Айдар және Әбдіжаппар Әлқожа бар. Мұндай тосын сыйды күтпеген Дина өз парақшасында “Ағаларымның тосы сыйы ұнады. Көп рахмет” деп жазды. 

Арудың парақшасында жүктелген бұл видеодан кейін “Хит әншілер ән арнаған сен бақыттысың”, “Қандай керемет” деп жылы лебіз қалдырушылардың қатарында шек жоқ.  
 

Талқылау