Ерке Есмахан қырғыз әншісін сотқа бере алмайтын болып шықты
Ерке Есмахан «Қайда?» әніне клип түсіріп алған қырғыз әріптесін сотқа бере алмайды. Себебі бүкіл Қазақстанды шарлаған әннің авторлық құқығы Еркеге тиесілі емес.
Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Қайда?» әнінің авторы Диана Исмаилова өнер Академиясының студенті болып табылады. Бойжеткен алғашқыда хит туындыны өзі орындамақ болған. Алайда ақырында оны Еркеге табыстауды жөн көрген.
«Қайда?» әнін осыдан 7 жыл бұрын жазған болатынмын. Оны өзім орындасам деп жоспарлап жүрдім. Алайда аранжировка жасап жатқан уақытта Ерке естіп қалып, бұл әнді өзіне беруімді өтінді. 2-3 күн ойландым, тіпті бергім келмей көз жасыма ерік бердім, бірақ ақырында бергенім жөн деп шештім», – дейді Исмаилова.
Диана терең астары жоқ әрі қарапайым әннің соншалықты танымал болып кететінін білмегенін айтады.
Бір қызығы, әннің алғашқы орындаушысы Ерке Есмахан болғанымен, ол қырғыз әріптесін сотқа бере алмайтын болып шықты. Себебі ол әннің иесі емес, бар болғаны орындаушысы.
«Бұл әннің заң жүзіндегі иесі менмін. Сондықтан сотқа тек мен бере аламын, алайда менің ондай ойым жоқ, сондықтан айта берсін», – дейді хиттің авторы Диана Исмаилова.
Диана Исмаилова Ерке Есмаханға бірнеше ән жазып берген. Айтуынша, солардың бірі «Қайда?» әнінің жалғасы желтоқсан айында жарыққа шығады. Бұдан бөлек, жас қыз Қайрат Нұртасқа да ән жазып берген көрінеді.
Жіберіп алмаңыз:
Сәкен Майғазиев: 3 жұмысымның айлығын әйелім алады
Ләйлә Сұлтанқызының кезекті кітабы ұятты тақырыпты қозғамақ
Айгүл Иманбаева мектеп оқушысымен бірігіп бейнебаян түсірді (видео)
Гүлзира Айдарбекова күйеуінен айырылып қала жаздаған күнді есіне алды