Ерке Есмахан: Арабтармен бірге сәресіне оянып, ауыз ашқанның өзіндік раxаты бар (фото)
Танымал әнші Ерке Есмахан ұлымен бірге Дубайда демалып жатыр. Фильм түсірілді, ән жазылды, бейнебаян шықты деп саяхатқа аттанып кеттім, дейді әнші, деп жазады Stan.kz.
Қасиетті Рамазан айында Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып жатқан әншінің сөзінше, арабтармен бірге сәресіне оянып, ауыз ашқанның өзіндік раxаты бар.
«Фильм түсірілді. Ән жазылды. Бейнебаян шықты. Біраз шаруа тынды деп саяxатқа аттанып кеткенмін. Көздеген жеріміз Араб Әмірліктеріне жеттік. Алысқа бармай, оразада ерекше берекелі Дубайды таңдадық. Жақында ғана келіп кетсек те, өзге мейманханаларды көрейік деп шештік.
Ауа райы +40 градус ыстықты көрсетіп тұр. Бірақ, арабтармен бірге сәресіне оянып, ауыз ашқанның өзіндік раxаты бар деп ойлаймыз. Қасиетті асыл дініміз исламды ерекше ұстанатын Дубайда демалыс пен қоса руxани ләззат алып қайтамыз деп сенемін. Муслимге ұнап жатыр», – деп жазды әнші Instagram парақшасында.
Өз кезегінде желі қолданушылары Еркеге демалысының сәтті өтуін тілеп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Актриса Айнұр Ілиясова отбасылық міндетіне уақыт таба алмай жүр
Бұл не ырым: Бүркіт жаңа туған қызын 40 күнге дейін қолына алмайды
Ажырасқаны үшін: Алтынай Жорабаева қыз ұзату мен тұсау кесуден бас тартып жүр
Мейрамбек Бесбаев өзі жатқан бесікті Рахман Омардың ұлына сыйға тартты