Ерке Есмахан сахнада алғаш рет тұрмысқа шыққаннан кейінгі өмірі туралы ашық айтты
Әнші Ерке Есмахан ұзақ үзілістен кейін сахнаға шығып, Республика сарайында өнер көрсетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/erke_esmahan
Өнер иесі тұрмыс құрғалы алғаш рет сахнаға шығып тыңдарманын қуантты.
“Біраздан сахнаға шығып тұрғаным, бүгін бір мәз боп қалдым. Өзім отбасылы келіншек болып, жаңа статуспен сіздердің алдарыңзға шығып тұрмын. Той тойлатып, билетіп қайттым”, – деді Ерке Есмахан.

Сахнада өнер көрсетіп тұрған Ерке Есмахан Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметованың қолынан гүл алды. Әнші алдағы уақытта жазушының өзіне гүл шоқтарын сыйлаймын деп уәде етті.
“Зейнеп Ахметова апайдың гүлі мен үшін ыстық. Рахмет сізге! Өмірде таныс емеспіз, енді бұйырса апайыммен танысып, өз гүлімді сыйлаймын”, – деп жазды эстрада жұлдызы.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан